Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ұландықтар жоғалған смартфондарды иелеріне табыстады

ҚР ІІМ Ұлттық ұланының елордалық 5573 әскери бөлімінің әскери қызметшілері қоғамдық тәртіпті сақтау қызметін атқару кезінде адалдық пен жоғары жауапкершіліктің үлгісін көрсетті. Бір күнде олар бірден үш телефонды иелеріне тауып берді, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Сарыарқа ауданында жауынгерлік кезекшілік атқару кезінде сағат 23:15 шамасында әскери жасақ бастығы қатардағы Сұлтан Қуатов және патрульші сарбаздар Саят Дүйсенали мен Бекзат Сүйінтаев Ы.Дүкенұлы көшесіндегі №20 үйдің жанынан телефон тауып алды. Ұландықтар телефон иесін жылдам анықтап, кездесу орнын белгілеп, иесіне құрылғыны қайтарып берді. Тұрғын әскери қызметшілерге көрсеткен көмектері үшін шын жүректен алғысын білдірді.

Сол күні Нұра ауданында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етіп жүрген әскери жасақ бастығы Шыңғысхан Тыныштық пен патрульші жауынгер Нұраділ Көпжасаров жерден смартфон тауып алып, иесіне табыстады.

Арада аз уақыт өткенде қызметте жүрген тағы бір әскери жасақ бастығы Санжар Сүйінбаев пен патрульші жауынгер Бақберген Боқай да Samsung A50 телефонын байқап қалған. Жедел шаралар нәтижесінде иесі анықталып, құрылғы қайтарылды. Ер адам Ұлттық ұланның әскери қызметшілеріне кәсіби шеберліктері үшін алғыс білдірді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру