Ұландықтарға ұлттық жасанды интеллект платформасын енгізу бойынша тренинг өткізілді
Ұландықтарға ұлттық жасанды интеллект платформасын енгізу бойынша тренинг өткізілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Мемлекет басшысының 2025 жылғы Жолдауында айтылған және мемлекеттік органдардың қызметіне жасанды зият технологияларын ауқымды енгізуге бағытталған тапсырмаларын орындау мақсатында Қазақстан Республикасы ІІМ Ұлттық ұланының Бас қолбасшылығында Ұлттық жасанды интеллект платформасымен жұмыс істеу бойынша оқыту тренингі өтті.
Сабақты "ҰАТ" АҚ жасанды интеллект департаментінің менеджері Лаура Ажбағамбетова өткізді. Тренинг барысында ол мемлекеттік цифрлық трансформация бағдарламасы шеңберінде құрылған ҰЖИП-ның функционалдық мүмкіндіктерін ұсынды және Ұлттық ұлан бөлімшелерінің қызметіне ЖИ-шешімдерді енгізу перспективалары туралы егжей-тегжейлі айтып берді.

Оқыту бағдарламасы платформаның негізгі модульдері: жұмыс процесіне арналған ЖИ аудармашысы, жиналыстарды автоматты түрде жазу жүйесі, ChatGPT аналогы Gemma моделімен жұмыс және ішкі процестерді автоматтандыруға арналған жеке ЖИ агенттерін құру құралдарын көрсетуді қамтыды. Барлық жұмыстар мен демонстрациялар ақпараттық қауіпсіздіктің жоғары деңгейін қамтамасыз ететін және интернетті бұғаттайтын ЕТС-тің қорғалған жабық тізбегінде орындалды.

Болашақта бұл заманауи технологияларын қолданудың тиімділігін арттыруға, қызметтік ақпаратты өңдеуді жеделдетуге, басқару шешімдерінің сапасын жақсартуға және әскери бөлімшелердегі жұмыс процестерін оңтайландыруға мүмкіндік береді.
