Үлкен қаланың кішкентай батырлары – балалар тәртіпті жүргізушілерге алғыс айтты
Шымкент жолдарында 5 жасар балалар көлік жүргізушілерін тоқтатты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Бүгін Шымкент көшелерінің бірінде тәртіп сақшылары көліктерді тексеру үшін емес, жүргізушілерге алғыс білдіру үшін тоқтатты. Полицейлермен бірге жол қозғалысының ең кішкентай қатысушылары Алдияр мен Сұңғат жол қозғалысы ережелерін сақтайтын жандарға рақмет айту үшін "жұмысқа" шықты
Кішкентай жаяу жүргіншілер үлкендерге қарапайым, бірақ аса маңызды ақиқатты еске салды: жол ережелері – әр адамның қауіпсіздігі, әр отбасының тыныштығы, әр баланың болашағы.
– Біз де жол қозғалысының қатысушыларымыз. Бізді де, өзгені де қорғаса дейміз, - дейді балалар.
Бәлкім, дәл осы баланың үні әр жүргізушіге "жол ережесін сақтау – бір-бірімізге деген қамқорлық" дегенді ұмыттырмауға себеп болар.
