Ұлттық алдын алу тетігінің мүшелерімен онлайн кездесулер ұйымдастырылып жатыр
Алматы облысындағы ҚАЖ мекемелерінде адам құқықтары жөніндегі уәкілінің КВИ бойынша талаптары сақталып жүр, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары – мемлекеттің ең қымбат қазынасы. Осы тарапта COVID-19 пандемиясы кезінде сотталғандардың құқықтарын қорғау, оларға КВИ қарсы барлық іс-шаралардың өткізілуі, денсаулық қауіпсіздігін сақтау – Алматы облысы бойынша ҚАЖ департаментінің ең басты мақсаттарының бірі.
Бұл кезекте Республикамыздың адам құқықтары жөніндегі уәкілетті органдары да шетте қалмады.
– Бәрімізге мәлім, КВИ жағдайында мемлекетіміздің барлық түзеу мекемелерінде қатаң карантиндік жағдайы енгізілген. Кездесулер шеттетілген. Алайда бұл сотталғандардың құқықтанын сақтауда ешқандай да бір кедергі келтірмейді. Бүгінде Алматы облысының барлық мекемелерінде Ұлттық алдын алу тетігінің мүшелерімен онлайн-кездесулер ұйымдастырылып жатыр, – дейді жергілікті ҚАЖД өкілі Әділет Сағымбаев.
Аталған онлайн кездесу барысында Ұлттық алдын алу тетігінің мүшелерімен сотталғандардың назарына КВИ жайында кеңейтілген мағлұматтар берілді. Алдын алу, болдырмау және жеке басының тазалығын сақтау бойынша қосымша ұсыныстар айтылды. Өз кезегінде сотталғандар еліміздегі Қылмыстық және қылмыстық –атқару заңнамалында болып жатқан өзгерістер бойынша, оларға ізгілік актілерін қолдану жайында бірқатар сұрақтарын қойды.
Өздеріне пайдалы ақпараттар мен мағлұматтар алған сотталғандар кездесудің аяқталуы кезінде Ұлттық алдын алу тетігінің мүшелеріне және мекеме әкімшіліктеріне алғыстарын білдірді.