Ұлттық киімді дәріптеген елордалық полицей ару
Ұлттық киімді дәріптеген елордалық полицей ару қызметінің қыр-сырымен бөлісті, — деп хабарлайды Polisia.kz.
Наурыз айының он күндігі аясында түрлі мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылуда. Бүгін, 18 наурыз – Ұлттық киім күні. Атаулы күні ұлттық киім киіп, ұлттық нақыштағы әшекей бұйымдарды тағып жүруді жыл сайын әдетке айналдырған Астана қаласы ПД Есіл ауданы ПБ тергеу бөлімінің аға тергеушісі Айнұр Даниярбекова.
Айнұр жыл сайын қазақ халқыныңежелден келе жатқан мейрамы Наурызды - көктем мезгілінің жетіп, күн мен түннің теңеліп, табиғат-ананың оянатын уақытымен тұспа-тұс келеді деп асыға күтеді.
Мерекенің басты тағамы - жеті түрлі қоспадан дайындалатын наурыз көжені дайындайды. Одан бөлек, қазақтың ұлттық тағамдары - бауырсақ, құрт, тары, талқан, қаймақ, балқаймақ, уыз, ірімшік әзірлейді.
— Қазіргі модернизация дәуірінде ұлттық киім өз мәнін жоймай, ұлттық мінез бен ұлт бірлігін айшықтай отырып, ел мәдениеті мен тарихының ажырамас бөлігіне айналды. Ұлттық киім күні – киім үлгісі арқылы әр адамға өз даралығын білдіруге, Қазақстанның бірлігін танытуға мүмкіндік береді, — дейді Айнұр Маратқызы.
Наурыз мейрамын Қазақстан қоғамын ұйымдастыратын мереке ретінде кеңінен атап өтуге ерекше назар аударылуы керек. Қазақстандағы бейбітшілік пен келісімді нығайту, азаматтарды елді дамытудың ортақ міндетіне айналасына топтастыру, ортақ мәдени-рухани құндылықтар мен жалпыұлттық сананы қалыптастыруға бағытталуы тиіс.