Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ұлттық қорғаныс университетінің Ұлттық ұлан факультетінде ғылыми практикалық конференция өтті

Ұлттық қорғаныс университетінің Ұлттық ұлан факультетінде VII ведомствоаралық ғылыми практикалық конференция өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Конференцияға "Ұлттық ұланның қызметтік-жауынгерлік қызметінің өзекті мәселелері" тақырыбы арқау болды. Жиынға Ұлттық ұлан Бас қолбасшылығы, университет басшылығы, факультеттің педагогикалық-профессорлық құрамы мен магистранттары қатысты. Қатысушыларға Ұлттық қорғаныс университетінің бастығы, философия докторы, профессор Асқар Мұстабеков, Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының орынасары Бауыржан Әбжанов конференцияның мақсаты мен көтеріп отырған мәселелерінің маңызын жеткізді.

Күн тәртібінде құқықтық тәртіп әскерінің заманауи қауіп-қатер жағдайындағы рөлі, мемлекеттік қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі өзара іс- қимыл мәселелері, құқықтық режимдер кезеңіндегі қызмет ерекшеліктері мен перспективалары сынды сұрақтар қарастырылды.

– Бүгінгі басқосуда әскердің даму перспективалары, қызметтік-жауынгерлік қызметтегі түйткілдер, кәсіби құзіреттілікті арттыру мәселелері қозғалды. Сонымен қатар Қарулы күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысы, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қыркүйектегі Жолдауында жүктелген міндеттер аясында әрі заман талабына орай, оқу-жаттығу жүйесіне жасанды инттелект пен инновациялық технологияны енгізу сұрақтарына басымдық берілді, – дейді конференцияға модераторлық еткен факультет бастығы Савердин Имиров.

Бұл конференцияны әскердің кәсіби даярлығы мен ақпараттық қамтамасыз ету жүйесін жетілдіру, оқу-жаттығу процестерін жаңғырту бағыттары, цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектті енгізу мүмкіндіктерінің бастауы деуге болады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру