Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ұлттық ұлан әскери қызметшілері мыңға жуық білім грантына ие болды

ҚР ІІМ Ұлттық ұлан әскери қызметшілері мыңға жуық білім грантына ие болды, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Астанада ҚР ІІМ Ұлттық ұланының әскери қызметшілері үшін маңызды оқиға өтті. Республикалық “Срочник 2.0” байқауының нәтижесі бойынша мерзімді қызметтегі сарбаздарға білім гранттары салтанатты түрде табысталды.

Гранттарды Ішкі істер министрінің орынбасарыҰлттық ұланның Бас қолбасшысы Аңсаған Балтабеков жеке өзі табыстады.

— Республика бойынша 910 ұландық, соның ішінде елордалық бригададан 114 сарбаз Қазақстанның жоғары оқу орындарында тегін білім алуға мүмкіндік беретін сертификаттарға лайықты түрде ие болды. Бұлжай ғана көтермелеу емес, бұлқызмет барысында көрсеткен табандылықтарыңыздың, тәртіпке берік болуларыңыздың, білімге деген құштарлықтарыңыз бен қол жеткізген жоғары нәтижелеріңіздің жемісі. Мемлекет әскер мектебінен абыроймен өткен жастарға сенім артып отыр. Бұл сенімді ақтап, сапалы білім алып, ел дамуына өз үлестеріңізді қосып, келер ұрпаққа  үлгі бола алатындарыңызға күмәнім жоқ, — деді А.Балтабеков.

Қарулы күштер мен еліміздің жоғары оқу орындары арасындағы бұл бастама 2023 жылдан бері жүзеге асырылып келеді. Келісімдерге сәйкес, мерзімді әскери қызметтен өткен азаматтарға мемлекеттік білім беру гранттары қарастырылған.

Мемлекет есебінен оқумен қатар, жастарға шәкіртақы, тегін жатақхана және әскери кафедраға конкурстан тыс қабылдану мүмкіндігі беріледі.

“Срочник 2.0” жобасыәлеуметтік белсенді әрі жауапты әскери қызметшілерді қолдауға бағытталған алғашқы бірегей байқау болды.

Еліміздің барлық өңірінен 5,5 мыңнан астам құқықтық тәртіп әскері сарбаздары байқауға қатысуға өтініш білдірді. Жеңімпаздар жауынгерлік даярлығы, тәртібі мен арнайы тапсырмаларды орындауы бойынша үздік нәтижелер көрсеткендер арасынан анықталды. Осы бағалар негізінде гранттардың бөлінуіне әсер ететін рейтинг қалыптасады.

Әскердегі қызметбұл өмір мектебі. Әскерге шақырылғанға дейін Нархоз университетіне түсуді армандадым, бірақ көздегенім орындала ма, жоқ па білмедім. Құқықтық тәртіп бригадасында маған үздік қызмететкен сарбаздардың тегін оқуға грант ұтып алу мүмкіндігі бар екенін айтты. Қызметтегі және оқудағы жетістіктерімнің арқасында осы грантты иелендім. Енді білімімді жалғастырып, ел игілігі үшін еңбек етемін, — деп бөлісті 5573 әскери бөлімінің әскери қызметшісі Даниял Қабдолла.

Айта кету керек, Қазақстанның 70-тен астам жоғары оқу орны байқау жеңімпаздарын оқуға қабылдау туралы меморандумға қол қойған.

Білім гранттарын табыстауәскери қызметтің беделін арттырып, жастар үшін шынайы жеке және кәсіби өсу мүмкіндіктерін ашатын маңызды ынталандыру шарасы болды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру