Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ұлттық ұлан әскери қызметшілері жоғалған баланы тауып, ата-анасына табыстады

ҚР ІІМ Ұлттық ұлан әскери қызметшілері жоғалған баланы тауып, ата-анасына табыстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Петропавл қаласында Ұлттық ұланының "Орталық" өңірлік қолбасшылығына қарасты 6637 әскери бөлімінің патрульдік тобы жоғалған баланы тауып, ата-анасына аман-есен табыстады.

Оқиға қала әкімдігі маңында болған. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етіп жүрген патрульдік топқа алаңдаулы ана жақындап, кішкентай қызының жоғалып кеткенін айтып, көмек сұраған. Уақыт жоғалтпай, патрульдік топ дереу іздеу шараларын бастап кеткен.

Патрульдік топ бастығы Ришат Назаров, қатардағы жауынгер Арман Төлеген және ефрейтор Еділ Хытымыр баланы жақын маңайдан іздеуге кіріскен. Көп ұзамай олар қорқып, жылап жүрген бүлдіршінді байқап, тыныштандырып, анасына жеткізді.

Әскери қызметшілердің шапшаң әрі үйлесімді әрекетінің арқасында бала аман-есен ата-анасына табысталды. Куә болған тұрғындар мен ата-ана өз ризашылықтарын білдіріп, сарбаздардың қырағылығы мен жауапкершілігіне жоғары баға берді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру