Ұлттық ұлан авиациялық базасында Жаңару күніне орай мерекелік іс-шара өтті
ҚР ІІМ Ұлттық ұланының 3656 әскери бөлімінде Наурыз мейрамына арналған мерекелік іс-шара өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жаңару, бірлік пен молшылықтың белгісі саналатын күнді әскери қызметшілер ерекше құрметпен және тебіреніспен қарсы алды.
Мерекенің басты сәттерінің бірі – ұлттық дәстүрлерді дәріптеу болды. Кимешек киген әжелер көрісу, тұсаукесер, бесікке салу және беташар секілді қазақ халқының салт-дәстүрлерін көрсетіп, олардың мән-мағынасын түсіндірді.
Іс-шара соңында құрметті қонақтардың бірі – Гүлнар әже өз әсерімен бөлісті.
- Бүгінгі жастарға қарап, халқымыздың салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын қадірлейтінін көріп, марқайып тұрмын. Біз жауынгер ұландарға ақ батамызды бердік. Олар – Отанның қорғаны, ертеңгі ел тірегі. Отанымыздың қорғаушылары әрдайым қайратты әрі рухты болсын, - деді ол.
Ұрпақтан-ұрпаққа жалғасқан дәстүрлер әскери қызметшілерге қазақ халқының терең тарихы мен бай рухани мұрасын тағы бір мәрте еске салды.