Ұлттық ұлан авиациясы су басқан өңірлерге гуманитарлық көмек жеткізуді жалғастырып жатыр
Ұлттық ұланның ұшақтары мен тікұшақтары су тасқыны басталғалы зардап шеккен аудандарға 62 тоннадан астам гуманитарлық көмек жеткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Күшіміз бірлікте: ҚР ІІМ Ұлттық ұланының әскери-көліктік ұшақтары мен тікұшақтары су тасқынына қарсы іс-шараларға тартылды.
Ұлттық ұланның ұшқыштары жалпы іске үлкен үлес қосуда, дәлел ретінде айтар болсақ, бүгінгі таңда 62 тоннадан астам гуманитарлық жүк жеткізілді. Қазірдің өзінде 5 әскери-көліктік ұшақ пен тікұшақ жұмылдырылды және олар күн сайын гуманитарлық көмек жеткізеді және жеке құрамды ауыстырады, су тасқыны мен ықтимал су басу орнына ұшыраған аумақты айналып өтеді.
Қазақстандағы су тасқыны бойынша жағдай күрделі күйінде қалып отыр. Апатпен күресте қазақстандықтар бірігуде. Су тасқыны аймақтарында қоғамдық тәртіпті қорғау бойынша тәулік бойы қызмет атқаратын Ұлттық ұланның әскери қызметшілері де үлкен көмек көрсетеді, ал тұтастай алғанда су тасқыны салдарын жою үшін құқықтық тәртіп әскерлерінің жеке құрамынан 1600-ден астам әскери қызметші жұмылдырылған. Оның ішінде әрбір төртіншісі – Ақтөбе қаласында орналасқан 6655 әскери бөлімінің әскери қызметшісі. Олар 4 ауысымда 17 техника бірлігімен тәулік бойы полиция қызметкерлерімен бірге Кирпичный және Заречный су басқан кенттерінің көшелерінде ұрлыққа жол бермеу бойынша қызмет атқаруды жалғастырып жатыр.
Сондай-ақ Ақтөбе ұландықтары Шұбарқұдық және Ойыл елді мекендерінде қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу үшін әскери бөлімнің автоотын құюшысының көмегімен жанар-жағармай материалдарын жеткізеді. Отын өз кезегінде Ақтөбе облысының әкімдігімен ұсынылады.
Қазақстанның батысында 5546 әскери бөлімінің (Атырау қ.) 10 автотехника бірлігінде 120 адамнан астам әскери қызметші су тасқынына қарсы іс-шараларды өткізуге белсенді қатысады. Оның ішінде 50 сарбаз бен офицер 2 ауысымда қоғамдық тәртіпті қорғауды қамтамасыз етеді, олар полиция қызметкерлерімен бірлесіп Құлсары қаласының көшелерінде ұрлыққа жол бермеу бойынша қызмет атқарады. Су тасқыны кезінде тікелей көмек ретінде 75 әскери қызметші қап дайындайды.
Айта кету керек, Ұлттық ұлан жауынгерлерінің еңбекқорлығы қарапайым тұрғындардың да, әртүрлі қоғамдық ұйымдар мен шенеуніктердің де назарынан тыс қалмауда. Атырау қаласында жүргенде әлемге әйгілі әнші Димаш Құдайберген жылы лебізін білдірді.
– Қазіргі уақытта ұландықтардың еңбегі өте зор. Халқымыздың тыныштығы мен қауіпсізді үшін барын салып қызмет атқару – ол да бір ерлік десем артық айтқаным емес. Ұландықтардың бұл ерлігі ел есінде мәңгі қалады, – деп атап өтті Қазақстанның Халық әртісі.
Жалпы, ұландықтар елдің барлық су басқан аймағында жағалауды нығайту жұмыстарына белсенді қатысады, су тасқынымен қамтылған елді мекендерде су бұруды және каналдарды тазартуды жүзеге асырады.
Мәселен, бүгінгі таңда құқықтық тәртіп әскерлерінің әскери қызметшілері жалпы ұзындығы 10 шақырымнан асатын арықтарды тазартып, инертті материалдары бар 210 мыңнан астам қапшық құм немесе саз дайындап, төселді.