Ұлттық ұлан өкілдері қылмыстық-атқару жүйесінің қызметімен танысты
Ұлттық ұлан өкілдері қылмыстық-атқару жүйесінің қызметімен танысты, - деп хабарлайды Polisia.kz.
АҚДҚ-65 мекемесіне Ұлттық ұлан өкілдері іссапармен келді. Шара барысында қонақтар мекеменің жұмыс барысымен және сотталғандарды ұстау жағдайларымен танысты.
Кездесу мекеме бастығының жетекшілігімен өтті. Сапар кезінде Абай Ахтанов қонақтардың сауалдарына жауап беріп, тергеу изоляторының ішкі тәртібін сақтау мен өзге де өзекті мәселелер жөнінде түсініктеме берді.
Назар құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге, қауіпсіздікті күшейтуге, сондай-ақ тәрбиелік және алдын алу шараларын ұйымдастыруға аударылды.
— Біздің бұл сапарымыздың басты мақсаты – қылмыстық-атқару жүйесінің жұмысын жақынырақ тану. Әсіресе, жас қызметкерлер үшін мұндай тәжірибе аса маңызды. Бұл іс-шара Ұлттық ұлан мен қылмыстық-атқару жүйесі арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған, — деді қонақтардың бірі.