Ұлттық ұлан сарбаздары мекеме аумағына тыйым салынған заттардың өтіп кетуіне жол бермеді
ҚР ІІМ Ұлттық ұлан сарбаздары мекеме аумағына тыйым салынған заттардың өтіп кетуіне жол бермеді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
ҚР ІІМ Ұлттық ұланының әскери қызметшілері кезекті рет қырағылық танытып, түзеу мекемесінің аумағына тыйым салынған заттардың өтіп кетуіне жол бермеді.
Оқиға техникалық өткізу-бақылау пунктінде кезекшілік кезінде болды. “Орталық” өңірлік қолбасшылығына қарасты 6505 әскери бөлімінің жеке атқыштар ротасының әскери қызметшілері - Ерлан Қанат, кинолог көмекшісі Береке Дөнебай, сондай-ақ қарауыл қызметіндегі Ерболат Тойлыбаймен Ерназ Әскербеков ГАЗель жүккөлігін тексеру үшін тоқтатқан.
Қызметтік иттің көмегімен жүргізілген мұқият тексеру барысында бояу құтыларының арасынан әдейі жасырылған тыйым салынған заттар табылды. Атап айтқанда: 8 мобильді телефон, 4 қуаттағыш құрылғы, 2 SIM-карта және 3 жұп құлаққап анықталды.
Оқиға туралы ақпарат жедел түрде кезекші бөлімге жеткізіліп, оқиға орнына жедел-тергеу тобы шақырылды.
Қазіргі уақытта аталған факт бойынша тексеру жүргізілуде.