Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ұлттық ұлан сарбаздары Қостанай облысындағы өртті сөндіруге көмектесті

Ұлттық ұлан сарбаздары Қостанай облысындағы өртті сөндіруге көмектесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қостанай облысының Қамысты және Наурызым аудандарында қураған шөптің тұтанған ошақтары анықталды. Өрт сөндірушілер мен ҚР ІІМ Ұлттық ұланының әскери қызметшілерінің жедел бірлескен күші арқасында Уркаш пен Дружба ауылдарының арасындағы екі аумақта оттың таралуы тоқтатылып, жалын оқшауланды.

Өртті сөндіруге ҚР ІІМ Ұлттық ұланы "Орталық" өңірлік қолбасшылығының Қостанай қаласындағы 6697 әскери бөлімінен шамамен 100 әскери қызметші тартылды.

Ұлттық ұлан сарбаздары өрт сөндірушілермен тығыз әрекеттесе отырып, жалынның таралуына жол бермей, жақын маңдағы елді мекендерге төнген қауіптің алдын алуға күш салды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру