Ұлттық ұлан сарбаздары тұрғынның жоғалған телефоны мен әмиянын тауып берді
Талдықорғанда 5514 әскери бөлімінің әскери қызметшілері қоғамдық тәртіпті сақтау қызметін атқару кезінде Iphone 14 pro телефонын және әмиянды тауып, заңды иесіне қайтарды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
20 маусым күні сағат 21.10 шамасында әскери жасақ бастығы қатардағы жауынгер Байсейітов Бақдәулет пен қатардағы жауынгерлер Құлмахан Низамидин мен Қыдырбай Елдар қаланың орталық көшелерінің бірінде патрульдеу кезінде газонда әмиян мен телефонды тауып алды. Болған оқиға туралы әскери қызметшілер дереу әскери жасақ кезекшесіне баяндады. 10 минуттан кейін әскери жасақ шөптің арасынан бір нәрсе іздеп жүрген белгісіз азаматты көреді, қасына мән-жайды анықтауға жақындаған соң, ол телефон мен жеке заттарын жоғалтқанын мәлімдейді, сол сәтте заттар иесіне қайтарылды.
– Біз смартфон мен әмиянның жоғалуы туралы ақпаратты алғаннан кейін бірден іздеуді бастадық. Бірнеше минуттан кейін жақын маңдағы көшенің жанында біз шөптердің арасынан бірдеңе іздеген адамды көрдік, оған жақындаған кезде біз мән-жайды егжей-тегжейлі біліп, заттар оған тиесілі екенін түсіндік және оны қайтардық, – дейді қатардағы Байсейітов.
Жоғалған заттардың иесі көмек үшін алғыс білдіріп, 5514 әскери бөлімінің командиріне алғыс хат жазды.