Ұлттық ұлан сарбаздарына білім грантының сертификаты табысталды
Ұлттық ұлан сарбаздарына 34 білім грантының сертификаты табысталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Майқұдық мәдениет үйінде 5451 әскери бөлімінің 2–2024 шақырылым сарбаздарына арналған салтанатты шара өтті. Әскери борышын абыроймен аяқтауға жақындап қалған жас ұландарға 34 оқу грантының сертификаты табысталды.
Бұл гранттар — бір жыл бойы тәртіп пен жауапкершілікті жоғары деңгейде көрсеткен, әскери қызметті үлгілі атқарған сарбаздардың еңбегін мойындау әрі оларды азаматтық өмірге дайындық барысында қолдау мақсатында беріліп отыр. Грант иегерлері енді Қазақстанның жоғары оқу орындарында тегін білім алу мүмкіндігіне ие болды.
Шара барысында сарбаздардың әскери бөлімдегі жетістіктері атап өтіліп, олардың еліне адал қызмет етіп, жақын арада үйіне оралатын кезеңге жеткені ерекше атап айтылды. Әскери қызмет барысында шыңдалып, тәрбие мен тәжірибе жинаған жас азаматтар үшін бұл сертификаттар — жаңа өмірге ашылған маңызды қадам.
Салтанатты іс-шара жылы атмосферада өтіп, сарбаздар, олардың жақындары мен әскери бөлім басшылығы үшін есте қаларлық қуанышты сәтке айналды.
