Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ұлттық ұлан жауынгерлері боран салдарын жоюға атсалысуда

Ұлттық ұлан әскеріне қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз етумен қатар, табиғи зардаптардың салдарын жою міндеттелген. Кешегі ақ түтек боранның салдарын жоюға ұландық жауынгерлер де кірісті.

Елордалық жедел бригада – 5573 әскери бөлімінің 100-ден аса жауынгері қызметтік міндеттерден бос уақытта Нұр-Сұлтан қаласының коммуналдық қызметтеріне шамадан тыс мөлшерде жауған қардың зардабын жоюға көмектесті.

Processed with VSCO with a6 preset

Ұландықтардың жауапкершілігіне елорданың Сарыарқа, Байқоңыр және Есіл аудандарындағы 10 әлеуметтік нысан берілді. Жауынгерлер бала-бақша, мектеп секілді нысандар мен қатар, Көктал шағын ауданына кіретін жолдарды қалың қардан тазалады.


Мұндай шара Ұлттық ұланның «Шығыс» өңірлік қол басшылығында болып өтті. Семей қаласындағы 5511 әскери бөлімінің 100-ден аса жауынгері 13 әлеметтік нысан ауласын қалың қардан тазалады. Шарадан ардагерлер мен қаза тапқан әскери қызметшілердің жақындары да қалыс қалмады. Отан қорғау жолында тәжік-ауған шекарасында қаза тапқан қатардағы жауынгер Анатолий Мешковтың анасы – Галина Мешковаға көмек көрсетілді. Ұландықтар жауынгердің анасына барып, үй ауласы мен кірер жолды омбы қардан тазалады.
Табиғаттың тосын сыйынан зардап шеккен өңірлердің тұрғындарына көмек көрсету алдағы уақытта да Ұлттық ұлан Бас қолбасшылығының жіті назарында болады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру