Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ұлттық ұлан жауынгерлері су тасқынының алдын алу жұмыстарына қатысты

Ақтөбе қаласының іргесіндегі Кирпичный тұрғын алабында орналасқан «Green Land» демалыс аймағына жақын жерде Елек өзенінің бетіндегі мұз қатпарларын жару жұмыстары жүргізілді. Оған ҚР Ұлттық ұланының «Бүркіт» арнайы мақсаттағы бөлімшесінің 3 сапері мен 4 техникасысы жұмылдырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бұдан бөлек қауіпсіздік үшін аймақты 29 жауынгер бақылап жүр.

Мұзды жару жұмыстарына Ұлттық ұланның «Бүркіт» арнайы мақсаттағы бөлімшесімен бірге ҚР Қорғаныс министрлігінің 30238 әскери бөлімінің 3 сапері мен 1 техникасы жұмылдырылған. Сонымен қатар мұз жаруға жедел-құтқару жасағының 8 адамы, 2 бірлік техника мен 2 қайық және ТЖД-ның 4 қызметкері, 1 техника, 1 дрон жұмылдырылған. Сондай-ақ ПД-ның қызметкерлерімен қатар оқу жаттығу ротасынан 3 адам  мен 1 техника осы жұмысқа тартылған.

Ауданы 16 мың шаршы метр болатын аумақта жүргізілген жұмыс кезінде 88 келі аммонит, мың метр детонациялық сым, 50 электродетонатор, мың метр магистральдық сым пайдаланылды. Қолға алынған жұмыс сәтті аяқталды.

Айта кетейік, су тасқыны кезінде өзен бетіндегі мұздың қозғалмай жатуы судың ернеуінен асып кетуіне әкеледі. Сондықтан да әскерилер су тасқынының ықтимал қауіп-қатерлерінің алдын алу жұмыстарын атқарды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру