Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ұлттық ұланда ауған ардагерлері ұлықталды

ҚР ІІМ Ұлттық ұланның Бас қолбасшылығында кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылғанына 36 жыл толуына орай іс-шара өтті, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Оған Ауған соғысының ардагерлері, Бас қолбасшылықтың әскери қызметшілері және Ұлттық ұланның Ардагерлер кеңесінің өкілдері қатысты.

Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы Аңсаған Балтабековтың атынан генерал-майор Бауыржан Әбжанов құттықтау сөз сөйлеп, интернационалист жауынгерлердің ерлігін, олардың антқа адалдығын және жас ұрпақ тәрбиесіндегі маңызды рөлін атап өтті.

Ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Мұрат Жантеміров сол оқиғаларды еске алудың маңыздылығын айтып, әскери-патриоттық тәрбиеге қосқан үлесі үшін ардагерлерге алғыс білдірді.

Ауған соғысының ардагерлері Анатолий Перепелица, Бауыржан Досжанов, Жанат Шалабеков, Талғат Ниязов қызмет жолындағы естеліктерімен бөлісті. Олар нағыз ерлік тек жауынгерлік рухпен ғана емес, бейбіт күндегі әскери борышқа адалдықпен де өлшенетінін атап өтті.

— Бұл күн бізге жауынгерлік жолдастарымызбен кездесуге, өткенді еске алуға мүмкіндік береді. Ең бастысы — қайта оралмаған батырларды ұмытпай, тарихтан сабақ алу, — деді Анатолий Перепелица.

Іс-шара Ұлттық ұланның Ән және би ансамблінің концертімен аяқталды. Әртістер сол жылдардың оқиғаларына арналған әндерді орындады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру