Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ұлттық ұланда Олимпиада чемпионы Ермахан Ибраимовпен кездесу өтті

Ұлттық ұланда Олимпиада чемпионы Ермахан Ибраимовпен кездесу өтті, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Бауыржан Момышұлы атындағы Ұлттық ұланның 5571 әскери бөлімінде ел мақтанышы, Сиднейде өткен XXVII жазғы Олимпиада ойындарының чемпионы, әйгілі боксшы Ермахан Ибраимовпен кездесу ұйымдастырылды.

"Қазіргі қоғам — жастардың қолында" тақырыбында өткен мазмұнды кездесу барысында Олимпиада чемпионы өз өмір жолы мен спорттағы жетістіктері туралы әңгімелеп, жас сарбаздарға табандылық, тәртіп және отансүйгіштік туралы өнегелі ойларын жеткізді.

— Мақсатқа жету жолында ең бастысы — еңбекқорлық пен тәртіп. Әр адам өз ісіне адал болып, елінің намысын биік ұстаса ғана үлкен жетістікке жете алады, — деді Ермахан Ибраимов.

Кездесу соңында чемпион әскери бөлімнің құрметті қонақтар кітабына қолтаңбасын қалдырып, сарбаздармен естелік суретке түсті.

Әскери бөлім басшылығы Ермахан Ибраимовқа алғыс білдіріп, естелік сыйлық табыс етті. Өз кезегінде чемпион жеке құрамды Республика күнімен құттықтап, ел бірлігі мен жастардың жігерлі болуына тілектестік білдірді.

Кездесуге қатысқан сарбаздар спорт майталманымен жүздесуден ерекше әсер алып, өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, жылы лебіздерін білдірді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру