Ұлттық ұланда оқ атудан жарыс өтті
5573 әскери бөлімінің біріккен оқу орталығының базасында Қазақстан Республикасы ІІМ Ұлттық ұланының әскери қызметшілері арасында ПМ-16, АК-18-ден ату және спорттық жаттығуларды орындау бойынша жеке-командалық біріншілік өтті. Бас қолбасшылықтың бастамасымен өткен біріншілік әртүрлі басқармалар мен бөлімшелердің үздік атқыштарын жинады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жарыс атыс дайындығының деңгейін арттыру, кәсіби тәжірибе алмасу және жеке-командалық сынақтарда жоғары нәтиже көрсете алатын мықты әскери қызметшілерді анықтау мақсатында өткізілді.
Тартысты доданың қорытындысы бойынша Калашников автоматынан ату бойынша 1 орынға бас жедел басқарманың әскери қызметшісі Ермек Тұғынов. 2 орынға тыл басқармасының заттай қамтамасыз ету бөлімшесінің офицері Нұрлан Төленханов, 3 орынға — майор Далелхан Жолболсын, 6636 әскери бөлімінің қару-жарақ және әскери техниканы есепке алу қызметінің бастығы ие болды.

Макаров тапаншасынан атудан ең мықты атқыштардан 1 орынды Дулат Әбілмәжінов тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар бас басқармасының моральдық-психологиялық қамтамасыз ету қызметінің аға офицері, 2 орынды Илья Фрузенков, техника және қару-жарақ басқармасының қару-жарақ бөлімінің бастығы, 3 орынды Жасұлан Сембеков, техникалық байланыс бөлімінің офицері иеленді.
Командалық күреске тоқталсақ, 1 орынды арнайы операциялар орталығының құрамасы, 2 орынды тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар бас басқармасының құрамасы, 3 орынды тыл басқармасының құрамасы
Жеңімпаз команда ауыспалы кубокпен және Бас қолбасшы грамотасымен марапатталды. Барлық жүлдегерлер ұлттық ұлан Бас қолбасшылығының медальдарымен және грамоталарымен марапатталды. Мұндай жарыстарды өткізу құқықтық тәртіп әскерінің әскери қызметшілерін жауынгерлік даярлау жүйесінің ажырамас бөлігіне айналды.
