Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ұлттық ұланның ерлер хоры халықаралық фестивальде жеңіске жетті

Ұлттық ұланның ерлер хоры халықаралық фестивальде жеңіске жетті, — деп хабарлайды Polisia.kz.

23-25 мамыр аралығында Браслав қаласында дәстүрлі мәдениеттің ең көне және ең құрметті мерекелерінің бірібиыл 58 жасқа толған "Браславские зарницы" өтті. Байқау әр түрлі елдер мен аймақтардан 24 вокалдық ұжымды жинап, дәстүрлі әндерді жанды дауыста орындаған 500-ге жуық қатысушыны біріктірді.

ҚР ІІМ Ұлттық ұланының ән-би ансамблінің ерлер хоры фестивальдің ерекше қатысушысы болды. Ұжым Жеңістің 80 жылдығына арналған салтанатты концерттік бағдарламаны ұсынды. Орындаудың эмоционалдылығы, жоғары кәсіби деңгейі, терең патриоттық көңіл-күйі және шығармалардың бай дыбысталуы ұжымға конкурстағы барлық қатысушы арасында топ жарып, бірінші орынға ие болуға мүмкіндік берді.

Мәдени форумда ерлер хорының өнер көрсетуі орындаушылық шеберліктің жоғары деңгейін көрсетіп қана қоймай, елдер арасындағы достықпен мәдени байланыстарды нығайтуға зор үлес қосты. Қазақ әскери қызметшілерінің музыкалық нөмірін қазылар алқасы зор қошеметпен  тыңдады.

Айта кету керек, “Браславские зарницы” фестивалі халықтық мәдениетті сақтау мен дәріптеудің дәстүрлі алаңы саналады. Бұл шараға Қазақстан Республикасы ІІМ Ұлттық ұланы ансамблі өкілдерінің қатысуыұландықтардың Отан қорғаушылар ғана емес, сонымен бірге өз халқының рухани құндылықтарының сақтаушысы әрі жалғастырушысы екенінің жарқын дәлелі болды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру