Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ұлттық ұланның генерал-майоры Мұхаметқали Сатов қайтыс болды

Қазақстан Ұлттық ұланы Бас қолбасшысының орынбасары Мұхаметқали Сатов кенеттен қайтыс болды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Кеше, 17 тамыз күні ҚР Ұлттық ұланы Бас қолбасшысының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыс жөніндегі орынбасары генерал-майор Сатов Мұхаметқали Құсайынұлы 59 жасында өмірден өтті.

– ІІМ барлық жеке құрамы ішкі істер органдарының еңбек сіңірген қызметкері Мұхаметқали Құсайынұлының қазасын ауыр қабылдады. Біз үшін бұл – орны толмас қайғы. Туған туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтамыз, – деді Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру