Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған шеруге ЖҚАЖ-дың 160 қызметкері қатысты
Астанада Қазақстан Республикасының Президенті — Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Отан қорғаушы күніне және Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған салтанатты әскери шеру өтті, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Шеруде ІІМ жылдам қимылдайтын арнайы жасағының 160 қызметкері жүріп өтті. Қорапты полиция ведомствосының арнайы және жұмылдыру даярлығы департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Сабыр Жүсіпбеков басқарды.
Тәртіп сақшылары саптық дайындықтың, тәртіп пен ұйымшылдықтың жоғары деңгейін көрсетті. Тарихи іс-шараға қатысу олар үшін ардагерлер мен қаза тапқан батырларға деген құрметтің белгісіне айналды.
Айта кету керек, шеруге Ішкі істер министрлігінің Ұлттық ұланының 400-ден астам әскери қызметшісі де қатысты.