Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ұлытау облыстық ПД-да 2024 жылдың жұмыс қорытындысына арналған жедел кеңес өтті

Ұлытау облыстық ПД-да 2024 жылдың жұмыс қорытындысына арналған жедел кеңес өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Іс-шара барысында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің криминалдық полиция департаментінің бастығы Қанат Нұрмағамбетов министрдің тапсырмаларын департаменттің басшылық құрамына жеткізіп, алдағы жұмыстардың басым бағыттарын нақтылады. Кеңесте отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелеріне ерекше көңіл бөлінді.

Жиында полиция қызметкерлерінің үйлесімді және мақсатты жұмысының нәтижесінде бірқатар қылмыс түрлерінің азаюына қол жеткізілгені, бұл өңірдегі жалпы қауіпсіздік деңгейінің артқанын айқын көрсеткені атап өтілді.

– Учаскелік инспекторлар халықпен, әсіресе профилактикалық есепте тұрған азаматтармен, тығыз жұмыс істеуі керек. Отбасылық жанжалдарды ерте кезеңдерде анықтап, оларды болдырмауға бағытталған нақты шаралар қабылдаған жөн. Сонымен қатар тұрақты түрде профилактикалық әңгімелер жүргізу маңызды, – деп атап өтті Қанат Нұрмағамбетов.

Кеңес соңында департамент бастығы Қайыркен Әлиев департаменттің жеке құрамы Ішкі істер министрлігі қойған барлық міндеттерді орындауға дайын екенін, құқықтық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажырлы жұмысын жалғастыратынын мәлімдеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру