Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ұлытау облысының полицейлері Қазақстан полициясы күніне орай салтанатты іс-шара ұйымдастырды

Ұлытау облыстық полиция департаменті Қазақстан полициясы мерекесіне орай салтанатты іс-шара ұйымдастырды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Салтанатты іс-шара полиция қызметкерлерінің төл мерекесіне орай ұйымдастырылды. 23-маусым Қазақстан полициясы күніне арналған салтанатты жиынға ішкі істер органдарының ардагерлері, полиция қызметкерлерінің ата-аналары, қоғам белсенділері мен басқа да мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты.

Салтанатты жиында сөз алған полиция департаментінің басшысы Қайыркен Әлиев ардагерлер мен әріптестерін мерекемен құттықтап, жылы лебізін білдірді.

– Сіздерді Қазақстан полициясы күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын. Әріптестеріме сенімділік, төзімділік, күш, батылдық тілеймін! Біз таңдаған мамандық — ең маңызды мамандықтардың бірі! Біздің басты міндетіміз – ел қауіпсіздігін сақтау, бұл жолда қызметті абыроймен атқарып жүрген әрбір әріптесіме алғыс айтамын, – деді Ұлытау облысының бас полицейі.

Салтанатты жиын ішкі істер министрі Ержан Сәденов және департамент басшысының арнайы бұйрығымен үздік жетістіктері және мінсіз қызметі үшін қызметкерлерді марапаттау рәсіміне ұласты.

3 қызметкер мерзімінен бұрын 1 саты жоғары шен алды. «Қазақстан полициясына 30 жыл» төсбелгісімен 4 қызметкер, Ішкі істер министрлігінің логотипі бар қол сағатымен 3 қызметкер және бірнеше полиция қызметкері мен ардагерлер департамент басшысының грамотасы және алғыс хатымен марапатталды.

Мерекелік концерт отыз жылдан астам уақыт ішкі істер саласында қызмет атқарған полиция полковнигі Аманжол Кәрімовті зейнет жасына шығарып салу рәсіміне және мерекелік концертке жалғасты.

 

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру