Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ұлытау облыстық полиция департаментінде 24 жас полицей ант қабылдады

Ұлытау облыстық полиция департаментінде 24 жас полицей ант қабылдады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ұлытау облысы полиция департаментінің жеке құрамы жас қызметкерлермен толықты. Конститутция күні қарсаңында 24 жас полицей салтанатты түрде ант қабылдап, тәртіп пен заңдылық жолында қызмет етуге серт берді.

 Іс-шарада полиция департаментінің бастығы Қайыркен Әлиев жас әріптестерін құттықтап, алдағы қызметтеріне сәттілік тіледі.

– Бүгінгі күн сіздер үшін ең маңызды күн. Өмірлеріңізде маңызды қадам жасап, қоғамға қызмет етуге ант қабылдау сәті еліміздегі бас мерекелердің бірі – Қазақстан Республикасының Конституциясы күні қарсаңында өтіп жатқаны кездейсоқтық емес. Осы айтулы күн сіздердің естеріңізде мәңгі қалмақ. Полиция қызметі – адалдық пен әділдікті талап ететін, шыдамдылық пен төзімділікті қажет ететін қызмет. Ел тыныштығы мен қауіпсіздігі жолында аянбай қызмет етіп, абыройлы қызметкер болуларыңызға тілектеспін. Ұлт ұясы болған Ұлытау облысының тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолында тер төгіп жүрген тәртіп сақшыларына, өзімнің әріптестеріме ерекше алғысымды білдіргім келеді, – деді департамент басшысы.

Салтанатты жиын жас қызметкерлердің ант қабылдау рәсімімен жалғасты. Іс-шара барысында жас полицейлер кезектесіп ант қабылдап, қоғамдық қауіпсіздікті қадағалау жолында адал қызмет етуге ант берді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру