Ұлытау облысы ПД-ның психологтары маңызды іс-шара өткізді
Ұлытау облысы ПД-ның психологтары маңызды іс-шара өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
25 желтоқсан «Психологтар күніне» орай Ұлытау облысы полиция департаментінің психологтары үшін маңызды іс-шара өтті. Атап айтқанда, жаңа психолог және полиграфолог кабинеттері өз есіктерін айқара ашты. Аталған іс-шараға Қарағанды облысы бойынша және Ұлытау облысы бойынша ҚАЖД №62 мекемесінің психологтары да белсенді түрде қатысты. Олар тәжірибе алмасу мақсатында арнайы келіп, өз білімдері мен әдістемелік құралдарымен бөлісті.
Іс-шара барысында қызметкерлер психологиялық кеңестер беріп, стрессті басқару, шиеленістерді шешу және қызметтік міндеттерді орындау кезінде эмоциялық тұрақтылықты сақтау жолдары бойынша тәжірибелік әдістемелерімен алмасты.
Атап айтқанда 1879 жылдың 25 желтоқсанында неміс психологы Вильгельм Вундт Лейпциг университетінде әлемдегі алғашқы эксперименталды зертхананы құрды. Содан бері бұл күн бүкіл әлемде психологтар күні ретінде аталып өтеді.
Психологтар қауымдастығының шешіміне сәйкес, биыл Қазақстанда ҚАЖ мекемелерінде психолог лауазымдарының енгізілгеніне 25 жыл толды.