Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ұлытау облысында 350-ден астам азамат әлеуметтік және құқықтық көмек алды

Ұлытау облысында "Учаске" жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында 350-ден астам азамат әлеуметтік және құқықтық көмек алды, – деп хабарлайды Polisia.kz

Іс-шара басталғалы бері облыс бойынша полицейлер 50 мыңнан астам тұрғын үйді аралап, 10 мыңнан аса азаматпен жеке кездесу өткізді.

Сонымен қатар 104 тұрмыстық зорлық-зомбылық фактісінің алдын алу шаралары қабылданды, 3774 профилактикалық есептегі тұлға тексерілді, 351 азаматқа әлеуметтік және құқықтық көмек көрсетілді және 31 отбасы тұрмыстық тәуекел тобына енгізіліп, бақылауға алынды.

Полиция қызметкерлері тұрғындарға құқықтық кеңес беріп, алаяқтық, интернет-қылмыс және жол қауіпсіздігі тақырыптарында түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

"Учаске" іс-шарасының басты мақсаты – халық пен полиция арасындағы сенімді нығайту және әрбір азаматтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Еске сала кетейік "Учаске" іс-шарасы қазан айының соңына дейін жалғасады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру