Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ұлытау облысында 44 ата-ана жауапқа тартылды

Ұлытау облысында 44 ата-ана жауапқа тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ұлытау облысында өткен үш күндік “Түнгі қаладағы балалар” жедел-профилактикалық іс-шарасы жасөспірімдер арасындағы қылмыстың алдын алуға, соның ішінде кәмелетке толмағандар арасында кешкі және түнгі мезгілдерде құқық бұзушылықтың жолын кесуге бағытталды.

Түнгі уақытта ата-ананың еріп жүруінсіз үйден тыс жүрген 24 жасөспірім полиция бөліміндеріне жеткізілді. 

Полиция есебінде тұрған 41 жасөспірім, 60-тан аса жайсыз отбасыларда да тұрғылықты жері бойынша тексерілді.

Кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу, оның құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі міндеттерді орындамаған 7, кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде немесе тұрғынжайдан тыс жерде болғаны үшін 44 ата-ана әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру