Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ұлытау облысында "Бақытты отбасы – бақытты ел" акциясы аясында экскурсия ұйымдастырылды

Ұлытау облысында "Бақытты отбасы – бақытты ел" акциясы аясында экскурсия ұйымдастырылды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Ұлытау облысында әйелдердің құқықтарын қорғауға, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуға және отбасы құндылықтарын нығайтуға бағытталған республикалық "Бақытты отбасы – бақытты ел" акциясы жалғасуда.

Акция аясында полиция департаментінің отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтан қорғау бөлімі балалар мен аналар үшін облыс орталығында жаңадан ашылған спорт кешеніне экскурсия ұйымдастырды. Қатысушылар заманауи спорт кешенінің мүмкіндіктерімен танысып, түрлі секцияларда өтіп жатқан жаттығуларды тамашалады.

Іс-шара барысында полиция департаменті бастығының орынбасары Асхат Дюсембеков сөз сөйлеп, спорттың жас ұрпақты тәрбиелеудегі рөліне ерекше тоқталды. Ол салауатты өмір салтын қалыптастыру мен отбасы институтын нығайтуда спорттың маңызы зор екенін атап өтті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру