Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ұлытау облысында интернет-алаяқтықтың алдын алу бойынша жаңа бастама қолға алынды

Ұлытау облысында интернет-алаяқтықтың алдын алу бойынша жаңа бастама қолға алынды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Ұлытау облысы полиция департаменті интернет-алаяқтық қылмыстарының алдын алу және азаматтарды қорғау мақсатында жаңа профилактикалық бастаманы іске қосты.

Аталған бастама аясында әрбір полиция қызметкері өз тұратын ауданындағы көршілерін жеке аралап, интернет-алаяқтардың кең таралған әрекет тәсілдері жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Кездесу барысында азаматтарға бейтаныс тұлғаларға жеке және банктік деректерді бермеу, күмәнді қоңыраулар мен хабарламаларға сақ болу, сондай-ақ белгісіз сілтемелерге өтпеу қажеттілігі ескертілуде.

Бұл іс-шара тұрғындардың құқықтық және қаржылық сауаттылығын арттыруға бағытталған. Әсіресе егде жастағы азаматтар мен интернетті сирек пайдаланатын тұрғындарға ерекше назар аударылып отыр.

Полиция департаменті облыс тұрғындарын қырағылық танытуға және интернет-алаяқтық белгілері байқалған жағдайда дереу полицияға немесе "102" нөміріне хабарласуға шақырады.

Ұлытау облысы полиция департаменті интернет-алаяқтықтың алдын алу бойынша профилактикалық жұмыстарды алдағы уақытта да жалғастыруды жоспарлап отыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру