Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ұлытау облысында «Мал ұрлығы» жедел-профилактикалық іс-шарасы жүргізіліп жатыр

Ұлытау облысының аумағында «Мал ұрлығы» жедел-профилактикалық шарасы жүзеге асырылуда, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қазан айының 20-нан бастап облыс көлемінде мал ұрлығына қарсы бағытталған «Мал ұрлығы» жедел-профилактикалық шарасы басталды. Бұл шараның басты мақсаты – мал ұрлығының алдын алу, оны болдырмау, сондай-ақ осы қылмыс түрінің жолын кесу.

Жыл басынан бері ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 406-бабына сәйкес 137 әкімшілік хаттама толтырылып, 408-бабына сәйкес 442 хаттама жасалған. Бұл көрсеткіштер мал ұрлығының айтарлықтай өзекті мәселе болып отырғанын айғақтайды.

Шара аясында облыс аумағында 5 блок бекет орнатылды. Бұл бекеттер мал тасымалының заңдылығын бақылап, ұрланған малды тасымалдаудың алдын алуда шешуші рөл атқарады.

«Мал ұрлығы» шарасы тек мал ұрлығын төмендетуге ғана емес, сонымен қатар тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыруға, қылмыстарды ашып, болдырмауға үлкен септігін тигізеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру