Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ұлытау облысында нашақорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған жас суретшілер байқауы өтті

Ұлытау облысында нашақорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған жас суретшілер байқауы өтті, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Жезқазған қаласында жас ұрпақтың бойында салауатты өмір салты мен есірткіге қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында жалпы білім беру ұйымдарының 4-7 сынып оқушылары арасында "Есірткіге қарсы жас суретшілер" байқауы ұйымдастырылып, жоғары деңгейде өтті.

Байқауға қатысушылар өз жұмыстарын әртүрлі бейнелеу техникаларында (акварель, майлы бояу, пастель, қарындаш, гелий қалам, түрлі-түсті қарындаш, аралас техника) А3 форматында, қағаз, картон, кенеп сияқты материалдарда дайындап, ұсынды. Жас суретшілердің есірткіге қарсы күреске деген шығармашылық көзқарасы мен терең түсінігі әр жұмыстан анық байқалды.

Қазылар алқасы қатысушылардың жұмыстарын көркемдік деңгейі, техникалық орындалуы, тақырыпқа сәйкестігі мен шығармашылық көзқарасы бойынша бағалады. Байқаудың мақсаты – балалардың шығармашылық әлеуетін дамытумен қатар, олардың арасында есірткіге қарсы тұрақты иммунитетті қалыптастыру және салауатты өмір салтын насихаттау болды.

Байқау жеңімпаздары арнайы дипломдармен марапатталып, олардың өнерге деген құштарлығы мен қоғамға деген жауапкершілігі ынталандырылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру