Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ұлытау облысында полицей 2 сағатта ұрлықтың бетін ашты

Ұлытау облысында полицей 2 сағатта ұрлықтың бетін ашты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қаражал қаласының тұрғыны полицияға хабарласып, ұялы телефонының жоғалғанын хабарлаған.

Арыз сағат 16:35-те тіркеліп, жедел-тергеу тобы дереу іске кірісті. Бар болғаны екі сағаттан соң, яғни 18:50-де, тәртіп сақшысы Тұрар Мұқажанов істі аяқтап, материалдарды прокуратураға жолдады. Ал 19:30-да іс сотқа жөнелтілді.

Тергеу барысында 2004 жылы туған күдікті анықталып, ұсталды. Ол өз кінәсін толық мойындады. Ұрланған телефон айғақ зат ретінде тәркіленді. Полицейлердің жедел және кәсіби жұмысының арқасында қылмыс қысқа уақыт ішінде әшкере болды. Биыл облыс бойынша 31телефон ұрлығы тіркеліп, оның 28-і ашылды.

Полицейлер азаматтарға жеке заттарына мұқият болуды, сондай-ақ телефондар мен бағалы бұйымдарға қоғамдық орындарда мұқият болуды ескертеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру