Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ұлытау облысында полицейлер ұлттық спорт түрлерінен сайысқа түсті

Ұлытау облысының полиция қызметкерлері Наурыз мейрамы аясында ұлттық спорт түрлерінен сайысқа түсті, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Наурызнама онкүндігі аясында 20 наурыз – “Ұлттық спорт күні” болып белгіленгеніне байланысты Ұлытау облысы полиция департаментінің қызметкерлері арасында арқан тарту және кір тасын көтеруден жарыс өтті.

Сайысқа департаменттің түрлі бөлімшелерінен келген 50-ден астам қызметкер қатысты. Жарыс тартысты өтіп, қатысушылар өздерінің күш-жігері мен шеберліктерін көрсетті.

Арқан тарту жарысында бірінші орынды жылдам қимылдайтын арнайы жасақ арнайы мақсаттағы бөліністің командасы жеңіп алды. Екінші орынды департамент командасы, ал үшінші орынды Жезқазған қаласы полиция басқармасының командасы иеленді.

Кір тасын көтеру жарысында жекелей сында бірінші орынды департамент қызметкері, екінші орынды жылдам қимылдайтын арнайы жасақ арнайы мақсаттағы бөліністің қызметкері, ал үшінші орынды Сәтбаев қаласы полиция бөлімінің қызметкері иеленді.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге дипломдар мен бағалы сыйлықтар табыс етілді.

— Бұл сайыс қызметкерлерінің арасында салауатты өмір салтын насихаттауға және ұлттық спорт түрлерін дамытуға бағытталған. Наурыз мейрамы – бұл бірлік пен ынтымақтастық мерекесі, және біз осы мерекені спорт арқылы атап өтуді жөн көрдік, – деді Ұлытау облысы полиция департаментінің тәрбие және кадр жұмысы басқармасы идеологиялық жұмысты ұйымдастыру бөлімінің бастығы Асылхан Әбдіманап.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру