Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ұлытау облысында құны 6 млн теңгеден асатын трансформаторды ұрлаған күдіктілер қолға түсті

Ұлытау облысында құны 6 млн теңгеден асатын трансформаторды ұрлаған күдіктілер қолға түсті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

28 қазанда Ұлытау ауданының полиция бөліміне Жезді кентіне қарасты қосалқы станциялардың бірінде трансформатордың ұрланғаны туралы хабарлама келіп түсті.

Оқиға орнына жеткен жедел тергеу тобы мән-жайды анықтай келе, белгісіз тұлғалардың құны 6 миллион теңгеден асатын трансформаторды жасырын ұрлап кеткендері анықталды.

Бұл факт бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабы бойынша қылмыстық іс тіркеліп, жедел-іздестіру жұмыстарын ұйымдастырды. Нәтижесінде 71, 48 және 39 жастағы үш ер адам анықталып, ұсталды. Күдіктілер кінәсін мойындап, айғақ зат тәркіленді.

Қазіргі таңда тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру