Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ұлытау облысында "Құқықтық тәртіп" жедел-профилактикалық іс-шарасы басталды

Ұлытау облысында "Құқықтық тәртіп" жедел-профилактикалық іс-шарасы басталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

21 қазан күні Ұлытау облысында полиция қызметкерлері "Құқықтық тәртіп" жедел-профилактикалық іс-шарасын бастады. Оның негізгі мақсаты – қоғамдық тәртіпті сақтау, құқық бұзушылықтардың алдын алу, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және азаматтардың құқықтық мәдениетін арттыру.

Іс-шараның алғашқы күнінде тәртіп сақшылары 200-ге жуық құқық бұзушылықты анықтады. Оның ішінде жаяу жүргіншілерге жол бермеу бойынша 30 дерек тіркелді.

Сонымен қатар полицейлер тұрғындар арасында жол қозғалысы ережелерін сақтау, құқық бұзушылықтардың алдын алу және қауіпсіздік шараларын күшейту бағытында түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.

"Құқықтық тәртіп" іс-шарасы аясында полиция қызметкерлері қоғамдық орындарда, көшелер мен жолдарда рейдтік жұмыстарды жалғастырып, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған кешенді шараларды жүзеге асырып келеді.

Полиция облыс тұрғындарын заң талаптарын сақтауға, жолда және қоғамдық орындарда тәртіп пен өзара сыйластықты ұстануға шақырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру