Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ұлытау облысында құқықтық тәртіпті нығайтуға бағытталған форум өтті

Ұлытау облысында құқықтық тәртіпті нығайтуға бағытталған форум өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Іс-шара "Заң мен тәртіп" қағидатын ілгерілетуге және құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша ведомствоаралық өзара іс-қимылды күшейтуге бағытталды. Форум жұмысына қала әкімі, қалалық прокуратура, полиция бөлімі, төтенше жағдайлар қызметі мен білім бөлімі өкілдері қатысып, өз бағыттары бойынша есеп беріп, өзекті мәселелерді талқылады.

Кездесуде қаланың құқықтық ахуалы, тұрғындар қауіпсіздігі, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың профилактикасы, білім беру мекемелеріндегі тәртіп пен бақылау, төтенше жағдайлардың алдын алу және ведомстволардың өзара іс-қимылы қаралды.

Спикерлер нақты деректерге тоқталып, құқықтық мәдениетті арттыру, ата-аналар мен білім беру ұйымдарының жауапкершілігін күшейту, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Қорытындысында қатысушы құрылымдар қала қауіпсіздігі мен тұрақты дамуы үшін бірлескен жұмыстың маңызын атап өтіп, алдағы жоспарларымен бөлісті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру