Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ұлытау облысында сарбазды еске алуға арналған бокстан турнир басталды

Ұлытау облысында сарбазды еске алуға арналған бокстан турнир басталды, — деп хабарлайды Polisia.kz.

5 мамыр күні Ұлытау облысының Жаңаарқа ауданында Ұлттық ұланның батыры, республикалық жарыстардың чемпионы марқұм Айбат Амановты еске алуға арналған бокстан үш күндік турнир басталды.

Турнирдің ашылу салтанатына батырдың ата-анасы мен туыстары, Ұлттық ұланның “Оңтүстік” және “Орталық” өңірлік қолбасшылықтарының әскери қызметшілері, аудан басшылығы мен ардагерлер қатысты.

— Жерлесіміз Айбат Аманов – патриотизм мен Отанға деген адалдықтың жарқын үлгісі. Оның ерлігі ешқашан ұмытылмайды, – деп атап өтті аудан әкімі Қанат Қожықаев.

Батыр сарбаздың анасы Гүлназ Үлкенқызы жарысқа қатысушыларға сәттілік тілеп, қолдау білдірген барша жұртқа алғысын жеткізді.

Биылғы турнирге алты команда құрамындағы 100-ден астам спортшы қатысуда.

Еске салайық, 2022 жылы Айбат Аманов пен Мадияр Қайсаров жауынгерлік борышын атқарып жүріп, ерлікпен қаза тапқан болатын. Олар қайтыс болғаннан кейін III дәрежелі “Айбын” орденімен және “Ұлттық ұлан қызметінің үздігі” төсбелгісімен марапатталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру