Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ұлытау облысында студенттерге есірткінің зияны туралы дәріс өткізілді

Ұлытау облысында студенттерге есірткінің зияны туралы дәріс өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ұлытау облысы бойынша 208-ден аса адам есірткіге тәуелділер қатарында есепке алынған. Оның басым бөлігі, яғни 179-ы ер адам, қалған 29-ы әйел. Таратып айтсақ, жыл басынан 15 есірткі қылмысы ашылса, оның 4-уі есірткі өткізу дерегі бойынша, ал 1-і есірткіні аса ірі көлемде сақтау дерегі негізінде анықталған. Одан бөлек қылмыстық айналымнан 148 грамнан аса есірткі тәркіленген.

Мәселен, 86 грамм марихуана, 62 грамм синтетикалық есірткі алынған. Есiрткi, психотроптық немесе улы заттармен жұмыс істеу қағидаларын бұзудың 3 дерегі анықталған. Сақтау ережесі бұзылған 199 ампула морфин, 77 ампула трамадол, 20 ампула сибазон тәркіленді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев: “Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі” атты жолдауында: “Өскелең ұрпақтың болашағына қауіп төндіретін тағы бір қатер – есірткі заттарының, соның ішінде синтетикалық есірткінің де таралуы. Құқық қорғау органдарына бұл қатердің азаматтар арасында, әсіресе жастардың ішінде таралуына барынша тосқауыл қоюды тапсырамын”, деген болатын.

Жыл басынан бері Ұлытаулық сақшылармен есірткіні жарнамалайтын 21 сайт бұғатталды. Ғаламтор желісінің пайдаланушылардың көп екенін ескерсек, шамамен әр сайтты кемінде 1 мың адам қарайды. Яғни олардың арасында шынайы тұтынушылар да бар, оған әр затқа әуес жастарды қоссақ. Ел ертеңі – жастар. Сол жастардың адамның есін алып, ақылынан аздыратын есірткімен әуестенбегені абзал. Сондықтан да Ұлытаулық есірткі қылмыстарына қарсы іс-қимыл басқармасы жастар арасында профилактикалық шараларды облыстың орта, арнайы блім беру орындарында тұрақты түрде жүргізуде.

Ұлытау облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Ерлан Оспанов Сәтбаев индустриялық колледжінің болашақ ұста, дәнекерлеуші, көлік құралдарын жөндеуші шеберлер алдында есірткіге әуестенгеннің ертеңі қандай болатыны туралы, қандай қылмыстық жауапкершілікке тартылатыны туралы дәріс өткізді. Оңай олжа, жылдам ақша табу үшін де көп жағдайда жастар тура жолдан тайдыратындардың “қармағына” түсіп, соңында өкініп жатады. Солардың қатарында жақында полиция қызметкерлерімен Жезқазған, Сәтбаев қалаларында есірткі жасырып, табыс тапқан Сәтбаевтың 20 жастағы қос тұрғыны. Оларды ұстау кезінде көліктерінен 70-тен аса түйіншектер табылған. Қазіргі уақытта қос жігіт қамауға алынған.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру