Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ұлытау облысында цифрландыру және жол қозғалысы қауіпсіздігі мәселелері талқыланды

Ұлытау облысының әкімдігінде цифрландыру және жол қозғалысы қауіпсіздігі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ұлытау облысының әкімдігінде өңір жолдарындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету және цифрландыру мәселелеріне арналған ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті. Іс-шараға облыс әкімі Берік Әбдіғалиұлы, сондай-ақ полиция департаментінің бастығы Қайыркен Әлиев қатысты.

Күн тәртібінде жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесіне цифрлық технологияларды енгізу және цифрландыру бағдарламасы аясында қол жеткізілген нәтижелер туралы айтылды.

Бейнебақылаудың автоматтандырылған жүйелері құқық бұзушылықтарды тіркеуге тиімді келеді және жол-көлік оқиғаларының алдын алуға мүмкіндік береді.

Облыс әкімі Берік Әбдіғалиұлы цифрлық бастамаларды жедел іске асырудың маңыздылығын атап өтіп, бұл шаралар жолдағы қауіпсіздікті арттыру және өңір тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсарту үшін маңызды екенін атап өтті.

Жиын соңында ведомствоаралық өзара іс-қимылды күшейтуді, қаржыландыруды ұлғайтуды және жол қозғалысы қауіпсіздігі жүйесін техникалық жарақтандыруды жетілдіру мәселелері айқындалды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру