Ұлытау облысында "Учаске" жедел-профилактикалық іс-шарасы жалғасуда
Ұлытау облысында "Учаске" жедел-профилактикалық іс-шарасы жалғасуда, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Ұлытау облысында қоғамдық тәртіпті сақтау, құқық бұзушылықтардың алдын алу және полиция мен тұрғындар арасындағы өзара ынтымақтастықты нығайту мақсатында "Учаске" жедел-профилактикалық іс-шарасы жалғасуда.
Іс-шара басталғалы бері полиция қызметкерлері 56 162 тұрғын үйді аралап, азаматтармен профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Тексеру барысында түнгі уақытта ересектердің бақылауынсыз жүрген 123 кәмелетке толмаған жасөспірім анықталды.
Рейдтер нәтижесінде ұсақ бұзақылықтың 20 дерегі, сондай-ақ қоғамдық орындарда алкогольдік ішімдік ішу және мас күйінде жүрудің 20 фактісі тіркелді. Жалпы профилактикалық іс-шара аясында 11 981 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды.
Сонымен қатар есірткі заттарын насихаттайтын 8 граффити жазуы табылып, дер кезінде жойылды.
"Учаске" іс-шарасының басты мақсаты — азаматтардың полицияға деген сенімін арттыру, құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету және өңірдегі қоғамдық қауіпсіздікті күшейту.
