Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ұлытау облысында ветеринария саласындағы заңнаманы бұзу бойынша 25 хаттама толтырылды

Ұлытау облысында “Мал ұрысы” ЖПІШ барысында ветеринария саласындағы заңнаманы бұзу бойынша 25 хаттама толтырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ауыл шаруашылығы жануарларын ұрлауға қарсы іс-қимыл мақсатында 18 қарашадан бастап Ұлытау облысы аумағында республикалық “Мал ұрысы” жедел-профилактикалық іс-шарасы басталды. Іс-шараның алғашқы күні полиция қызметкерлері Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 406-бабы (Ветеринария саласындағы заңнаманы бұзу) бойынша 25 әкімшілік хаттама және 408-бабы (Ауыл шаруашылығы жануарларын жаю ережелерін бұзу) бойынша 12 кемшіліктерді анықтады. Іс-шара барысында мал ұрлаудың үш фактісі ашылды.

Алдын алу іс-шараларының нәтижесінде биылғы жылдың 10 айында өңірде тіркелген мал ұрлығы 12,5%-ға азайып, қылмыстардың ашылу деңгейі 21,4%-дан 33,3%-ға дейін өсті. Жыл басынан бері облыста 406-бап бойынша 161 әкімшілік хаттама, 408-бап бойынша 454 хаттама жасалды.

Ұлытау облысының полиция департаменті мал иелеріне өз мүлкін қорғау үшін қосымша қауіпсіздік шараларын қабылдауды қатаң түрде ұсынады. Маңызды қадамдарға жануарларға сәйкестендіру таңбаларын орнату, тұрақты бақылау жүргізу және мал бағушылардың жұмысын ұйымдастыру жатады. Бұл шараларды қабылдау ұрлық қаупін азайтып, ауыл шаруашылығы мүлкінің сақталуын арттырады.

Полиция департаменті жедел-профилактикалық іс-шаралар аясында мал ұрлығымен байланысты қылмыстарды анықтау және олардың алдын алу жұмыстарын жалғастырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру