Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ұлытау облысында жаңа учаскелік полиция пункті ашылды

Ұлытау облысының Жәйрем кентінде жаңа учаскелік полиция пункті ашылды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Жәйрем кентінде жаңа учаскелік полиция пунктінің салтанатты ашылуы өтті. Жаңа ғимараттың ашылуына Ұлытау облысы полиция департаментінің бастығы Қайыркен Әлиев пен Қаражал қаласының әкімі Айқын Елеусізов қатысты.

Салтанатты шарада қонақтар учаскелік полиция пунктінің маңыздылығын атап өтіп, оның тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, полиция қызметкерлері тұрғындармен тығыз қарым-қатынаста болатыны жайлы жеткізді. Лентаны кесу рәсімінен кейін жаңа мекеменің бөлмелерін аралап, оның қызметі мен мүмкіндіктерімен танысты.

Жаңа учаскелік полиция пунктінде 4 учаскелік полиция инспекторы жұмыс істейді.

Ішкі істер министрлігінің 2025 жылды "Профилактика жылы" деп жариялауына байланысты учаскелік инспекторлардың жұмысына ерекше мән беріледі. Олар қылмыстың алдын алуға, қоғамдық тәртіпті сақтауға және тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған профилактикалық шараларды күшейтеді.

- Бұл ғимарат жергілікті тұрғындардың полиция көмегіне жүгіне алатын орны болады, ал полиция қызметкерлері кез келген жағдайға жылдам әрі тиімді жауап беріп, кент көшелеріндегі тыныштық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етеді, – деді өз сөзінде Қайыркен Әлиев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру