Ұлытау облысында жол қауіпсіздігіне байланысты профилактикалық іс-шара өтті
Ұлытау облысында жол қауіпсіздігіне байланысты профилактикалық іс-шара өтті, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Ұлытау облысында полиция қызметкерлері Жезқазған – Қарағанды тас жолында жылжымалы қабылдау бекетін ұйымдастырып, жүргізушілерге жол қозғалысы ережелерін сақтау қажеттігін тағы бір мәрте еске салды.
Іс-шара облыстық полиция департаментінің QazAvtoJol және автомектеп мамандарымен бірлесіп ұйымдастырылды. Оның мақсаты – қауіпті жол учаскелерін бақылауда ұстап, жол-көлік оқиғаларының алдын алу. Бір күннің ішінде 200-ге жуық көлік тоқтатылып, жүргізушілерге жылдамдық режимін сақтау, қауіпсіздік белдігін тағу және жол жүру талаптарын қатаң орындау жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Сонымен қатар тәртіп сақшылары қолайсыз ауа райы жағдайын ескере отырып, көліктердің техникалық жай-күйіне, әсіресе дөңгелектердің маусымға сәйкестігіне ерекше назар аударды.
Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған мұндай профилактикалық шаралар алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасын табады.
