Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ұлытау облысында жол қызметтерінің қысқы маусымға дайындығы тексерілді

Ұлытау облысында жол қызметтерінің қысқы маусымға дайындығы тексерілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ұлытау облысы полиция департаментінің әкімшілік полиция басқармасы республикалық және жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының үздіксіз әрі қауіпсіз жұмысын қамтамасыз ету мақсатында "ҚазАвтоЖол" және "Каж-Сервис" жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерімен бірлесіп, арнайы техниканың қысқы маусымға әзірлігін тексерді.

Қыс мезгілінде жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету – негізгі міндеттердің бірі. Осыған орай, мердігер ұйымдар қысқы кезеңге дайындықты алдын ала бастап кетті. Қазіргі уақытта олардың қарамағында 57 бірлік арнайы техника бар. Бұдан бөлек, қажеттілік туындаған жағдайда пайдалануға арналған 12 бірлік техниканы жалға алу жөнінде келісімшарттар жасалған.

Көктайғақтың алдын алу мақсатында жолдарға себілетін құм мен тұз сатып алу жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ жол учаскелерін күтіп-ұстау жұмыстарына 52 қызметкер тартылмақ.

Ұлытау облысындағы автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 2700 шақырымнан асады. Осы бағытта әкімшілік полиция басқармасының жол-техникалық инспекциясы жыл басынан бері 248 тексеру жүргізіп, анықталған кемшіліктер бойынша жергілікті атқарушы органдарға ұйғарымдар берілді.

Автомобиль жолдарын сапасыз күтіп ұстағаны үшін 97 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Бұл жұмыстардың басты мақсаты – қысқы кезеңде жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету және төтенше жағдайлардың алдын алу.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру