Ұлытау облысының бас полицейі Білім күні оқушыларға жол қозғалысы ережелерін түсіндірді
Ұлытау облысының бас полицейі оқушыларға жол қозғалысы ережелері туралы айтты, — деп хабарлайды Polisia.kz.
1 қыркүйек – Білім күніне орай Ұлытау облысы Полиция департаментінің бастығы Қайыркен Әлиев Жезқазған қаласындағы №3 мектепке арнайы барып, 1-сынып оқушыларын мерекемен құттықтады.
Генерал-майор бүлдіршіндерге ізгі тілегін білдіріп, жаңа білім жолына сәттілік тіледі. Сонымен қатар іс-шара барысында полиция қызметкерлері оқушыларға жол қозғалысы ережелерін түсіндіріп, естелік сыйлық таратты.
Өңірде департамент бастығының бұйрығымен барлық білім ошақтарында жауапты офицерлер бекітіліп, қауіпсіздік шаралары жүргізілуде