Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ұлытау облысының полицейлері Дүниежүзілік адам саудасына қарсы күрес күнін атап өтті

Ұлытау облысының полицейлері Дүниежүзілік адам саудасына қарсы күрес күнін атап өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ұлытау облысының тәртіп сақшылары Дүниежүзілік адам саудасына қарсы күрес күніне орай Қызыл Жарты Ай қоғамы және @chevrolet_club_ulytau автоклубымен бірлесіп, “Адам саудасына қарсы күресте біртұтас” республикалық ақпараттық науқаны аясында ат шеруі мен автошеру өткізді. Адам саудасы – адам құқықтарын өрескел бұзу, халықаралық заңнамада ауыр қылмысқа жатады. Жыл сайын бүкіл әлемде миллиондаған адам құлдықтың қазіргі заманғы нысандарының құрбаны болады, Қазақстанда да бұл мәселе жоқ емес. Көбінесе жасырын сипаттағы жыныстық және еңбек қанауы жәбірленушілердің құқықтық сауатсыздығына, жариялылықтан қорқуға және қоғамдық айыптауға байланысты.

Қазақстан адам құқықтары саласындағы 60-тан астам көпжақты әмбебап шарттың қатысушысы, оның ішінде 13 халықаралық конвенция, шарттар мен келісімдер құлдықтың қазіргі заманғы нысандарына қарсы іс-қимылмен тікелей байланысты. Аталған қылмыстар үшін Қылмыстық кодекстің 8-бабы бойынша жауапкершілік қарастырылған, мүлкі тәркіленіп, 18 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Іс-шара Жезқазған қаласының бас алаңында адам саудасы мәселесі бойынша тақырыптық роликтер мен буклеттер таратумен аяқталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру