Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ұлытау облысының полицейлері мектеп мұғалімдерімен оқушылардың қауіпсіздігін талқылады

Ұлытау облысының полицейлері мектеп мұғалімдерімен оқушылардың қауіпсіздігін талқылады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

20-30 мамыр аралығында ІІМ ұйымдастыруымен ел аумағында «Абайлаңыз – балалар!» акциясы өткізіліп жатыр. Осы акция шеңберінде тәртіп сақшылары барлық мектеп мұғалімдерімен кездесу өткізді. Кездесуде мектептегі қауіпсіздік, балалардың жазғы каникул кезіндегі қауіпсіздігі, жол жүру ережесін сақтауы, жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша өзекті мәселелер қозғалды.

Іс-шараға полиция департаментінің басшылығы, облыстық білім басқармасы және прокуратура өкілдері қатысты.

Кездесуде 25 мамырда ұйымдастырылатын іс-шаралар барысында жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету, мектеп бітіруші түлектердің ата-ана бақылауынсыз тыйым салынған жерлерде суға түсуі, жасөспірімдердің көлік тізгіндеуі айтылды. Сондай-ақ мектептердегі қауіпсіздікті қамтамасыз етуге байланысты мәселелер, соның ішінде төтенше жағдайлар кезіндегі іс-қимылдарды жоспарлау, мектеп ортасындағы ықтимал қауіптер және басқа да мәселелер туралы ақпарат талқыланды.

Полиция департаменті білім беру мекемелерімен үнемі байланыста болады және қауіпсіздікке қатысты кез келген мәселелерді шешуге қажетті қолдау мен көмек көрсетуге дайын.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру