Ұлытау облысының полицейлері қарттар күнінде концерт ұйымдастырды
Ұлытау облысының Полиция департаменті 1 қазан – Халықаралық қарттар күніне орай Ұлытау облысының Әлеуметтік қызмет көрсету орталығына барып, ПД қызметкерлерімен қатар, «Импульс» үлгілі-хореографиялық ансабль, «Алға,бас!» жастар театрының әртістерінің қатысуымен концерттік бағдарлама ұйымдастырды, – деп хабарлайды Polisia.kz
Салтанатты іс-шара Ұлытау облысы Полиция департаменті бастығының міндетін атқарушы Қайыркен Әлиев сөз алып, халықаралық мереке иелерін құттықтады.
– Халқымыз ертеден үлкенге құрмет көрсетуді өсиет етіп, ұрпақтар арасындағы сабақтастыққа, үйлесімге ерекше мән берген. Сіздердің өмірлік тәжірибелеріңіз бен ақылыңыз, тәлім-тағылымдарыңыздың біз үшін орны бөлек. Себебі әрқайсыларыңыздың киелі Ұлытау облысының өсіп-өркендеуіне қосқан үлестеріңіз бен еңбектеріңіз ерен, – деді Мерекелік кеште Қайыркен Әлиев.
Ұлытау облысы Әлеуметтік қызмет көрсету орталығының директорын марапаттады. Шара барысында қарттарға Полиция департаменті қызметкерлерінің балалары өз қолдарымен салған суреттер естелік ретінде сыйға берілді.
Одан бөлек, ПД Әлеуметтік қызмет көрсету орталығына тұрмысқа қажетті заттар мен азық-түліктерді табыс етті. 1 Қазан – Халықаралық қарттар күніне орай ұйымдастырылған мерекелік іс-шара қарттар мен сақшылар арасындағы шахмат және дойбы ойындарымен жалғасты.